фото: https://turkystan.kz
Сәбилерді ойнатқан кезде,оған жауап ретінде күле бастайды. Ал ата-аналарға нәресте мұны түсініп тұрғандай көрінеді. Расында, ғалымдар бұл шындық екенін анықтады: сәбилерде әзіл сезімі және оған жауап ретінде қайтаратын эмоция ерте жаста дамиды.
Бристоль университетінің мамандары осы тақырыпқа алғаш болып зерттеу жүргізді. 4 жасқа дейінгі сәбиі бар 700-ге жуық ата-анасының қатысуымен жүргізілген зерттеу барысында ғалымдар балалар әзіл-қалжыңның алғашқы белгілерін қай жаста білдіретінін және қашан өз бетімен әзілдей бастайтынын білгісі келген.
«Біздің зерттеу нәтижеміз балалардың эмоционалдық даму деңгейін анықтауға арналған диагностикалық құрал жасауға көмектесуі мүмкін және бұл жас балалармен жұмыс істейтін тәрбиешілерге пайдалы болады», – деп атап өтті ғалымдар.
Зерттеу авторлары ата-аналарға 20 сұрақтан тұратын сауалнама жасап, оған жауап беруін сұраған. Белгілі болғандай, кейбір балаларда әзілге алғашқы эмоционалды реакция туғаннан соң бір айдан кейін пайда болған. Ал нәрестелердің 50%-ында мұндай эмоция екі айдан кейін байқалған. Қалған балалар 11 айдан кейін әзілдейтіні белгілі болды.
Ғалымдар әртүрлі жастағы балалар жауап қайтара алатын әзілдің 21 түрін анықтады. Сонымен, бір жасқа дейінгі сәбилер дене қимылы арқылы көрсеткен әзіл-қалжыңға жауап ретінде күлген.
Ал бір жастан бастап балалар белсенді түрде әзілдей бастап, оған жауап күтетіні байқалған. Бұл жаста оларға жануарларға ұқсайтын қимыл жасау және қорқытып әзілдеу ұнайды.
Екі жылдан кейін, сөйлеу қабілеті дамыған сайын балалардың әзілдеу сезімі күрделене түседі: мысалы, олар төмен түсіруді, иттерге еліктеуді немесе өздері ойлап тапқан мағынасыз сөздерді, айғайлауды ұнатады. Сонымен қатар, ғалымдар бұл жаста балаларда сараңдық (ойыншықтармен бөліскісі келмеу сияқты) және итермелеу немесе ұрып-соғу сияқты агрессивті әзіл-қалжың көріністері пайда болатынын анықтады.
Ал үш жасар балалар әлеуметтік нормаларды бұза отырып, әзілдей бастайды. Мысалы, ермек үшін балағат сөздер айту. Сондай-ақ осы жаста олар күлдіргі сөздерді түсіне бастайды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через