фото: history.kz
Еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан Қырғызстанда өтіп жатқан Азия чемпионатын сәтті бастады.
Ризабек Айтмұқан Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатындағы алғашқы белдесуінде жарқын жеңіске жетті. Жаңа салмаққа ауысқан балуан қырғызстандық Андрей Ароновпен белдесіп, 6:0 есебімен ұтты. Осылайша Ризабек Азия чемпионатының ширек финалына шығып отыр.
Айта кетейік, Ризабек Айтмұқан жаңа салмақтағы алғашқы халықаралық турнирін Түркиядағы Яшар Догу және Вехби Эмре халықаралық турнирінде өткізіп, қола жүлдегер атанған еді.
Stan.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через