Нидерланд Корольдігінің астанасында регби 7-ден Amsterdam Sevens турнирі өтіп жатыр. Бүгін Қазақстан әйелдер құрамасы финалда Польшаны 12:7 есебімен жеңіп, чемпион атанды. Жалпы арулар арасында бұл бәсекеге Нидерланд, Германия, Франция, Уэльс, Польша мен АҚШ-тан 12 команда жиналды.
Amsterdam Sevens – 50 жылдық тарихы бар Еуропадағы беделді турнирдің бірі (алғаш рет 1972 жылы өткен). Бәсекенің ерекшелігі Ұлттық құрамалармен қоса кез келген кәсіби клуб жарнасын төлеп қатыса алады. Әр команда кем дегенде 5 ойын өткізеді.
Айта кетейік, осыған дейін 2019 жылы өткен Amsterdam Sevens турнирінде әйелдер арасында «Алматы» клубы жеңіске жеткен. Олар финалда Аустралияның «Рэндуик» клубынан 14-12 есебімен басым түсті.
Aikyn.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через