"Реал Мадрид" турнир жеңімпазы болды

"Реал Мадрид" турнир жеңімпазы болды

       Мадридтік "Реал" Чемпиондар лигасының финалында "Ливерпульден" басым түсті.

       Шешуші матчте ұлыбританиялық команда кешігіп келді, оған қоса көрермен билеттерін тексеру ұзаққа созылды, сол үшін ойын 36 минутқа кеш басталды.

       Бастапқы құрамдар мынадай болды:

       Ливерпуль: Бекер, Робертсон, Ван Дейк, Конат, Александр-Арнольд, Фабиньо, Алькантара, Хендерсон, Диас, Мане, Салах

       Реал Мадрид: Куртуа, Менди, Алаба, Милитао, Карвахаль, Кросс, Каземиро, Модрич, Вальверде, Жуниор, Бензема.

       Кездесудің 59-минутында ойындағы жалғыз голды Винисиус Джуниор соқты. Бұл "Реал Мадридтің" матчтегі алғашқы соққысы болды.

       Ағылшын командасы оған жауап ретінде көп шабуыл жасады, бірақ ,бәрі нәтижесіз болды. Мохамед Салахтың хет-трик жасауға мүмкіндігі болды, бірақ Тибо Куртуа Ливерпульдің барлық әрекетіне қарсы тұра алды.