Бейжіңдегі мектептерде сабақ беру тоқтатылды. Бұл шектеулер өрши түскен коронавирустың таралуын тоқтату мақсатында енгізілді.
Елдің бас қаласының Чаоян ауданындағы жекеменшік мектептерде білім алушылардың ата-аналарына оқу орындары қашықтықтан оқыту режиміне көшкені туралы шұғыл хабарлама келді. ҚазАқпараттың хабарлауынша, мұндай шаралар қаланың басқа аудандарындағы бірқатар бастауыш және орта мектептерде енгізіле бастады. Сондай-ақ, Тунчжоу ауданындағы балабақшалардың жұмысы тоқтатылған.
Мектеп оқушылары арасында COVID-19 инфекциясын жұқтыру оқиғаларының саны артып келеді. Астаналық Чаоян ауданындағы мектептердің бірінде вирусқа шалдығудың 36 оқиғасы анықталған. ҚХР гигиена және денсаулық сақтау мемлекеттік комитетінің мәліметінше, соңғы тәулікте Бейжіңде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 50 жаңа оқиғасы тіркелді.
Билік Қытай астанасы аудандарындағы бірқатар тұрғынды жаппай тестілеуден өткізе бастады.
Фотосурет hochyvseznat.ru сайтынан алынды
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через