Құлпынай мен шие таңдау құпиясы
Жаз мезгілі иммунитетті жоғарылатып, дәрумендерді молынан пайдаланатын науқан. Бұл кезеңде дәрумендерге бай жеміс-жидектер піседі. Сондықтан ас мәзіріне жеміс-жидектерді енгізіп, күнделікті пайдаланған жөн.
Құлпынай. Жаз мезгілінің басында және соңында пісетін тәтті жидек құрамында калий, кальций, фосфор, натрий, пектин, эфир майлары және С дәрумені бар. Құлпынай ағзадағы ас қорыту жүйесін жақсартып, ішек шырышының қабынуынан сақтайды. Сіңір тартылу, қан аздығы, жүйке жүйесі мен онкологиялық аурулардың алдын алады. Ми жұмысы мен есте сақтау қабілетін жақсартып, ағзадағы қан қысымын бір қалыпты ұстап, тұз мөлшерінің тепе-теңдігін сақтайды. Алайда, аллергиясы бар жандар құлпынайды пайдаланбағаны абзал. Тістерім маржандай аппақ болсын десеңіз, құлпынайдан дәм татыңыз.
Енді осы құлпынайды таңдауда не нәрсеге мән беру керек? Сапасын қалай анықтаймыз?...
Жидектерді таңдау барысында өзіңіздің аймағыңызда өсірілгендерге басымдық берген жөн, - деп кеңес береді агроном мамандар. Олар:
"Бұл жидектер өте тез бұзылады. Сондықтан жақын жерде өсірілгендерді сатып алған дұрыс. Жидектер мыжылып қалмауы керек, кішкене қораптарға салынған болса тіпті жақсы" болатынын айтады. Тіпті құлпынайдың дәмі ауа райына тәуелді екенін де баса назарда ұстау керектігін алға тартады.
"Егер бір-екі апта бойы бұлт, жаңбырлы ауа райы жемістердің сапасына әсер етеді. Шіріп, жидектің дәмі өзгеріп кетеді. Егер ауа райы аса ыстық болмай, күндізгі және түнгі температуралар арасындағы айырмашылық білінбесе, жеміс құрамындағы дәрумендер мен қанттардың мөлшерін сақтап қалады. Дәмді, жидектер құрғақ әрі әдемі болып өсетін көрінеді.
Екі аптадан кейін шие жинау кезеңі басталатынын айтты. Ал қазіргі ерте сатылымдағы шиенің сапасы кеш пісетін түрлерінен төмен.
"Бір-екі аптаның ішінде басқа шие шығады. Шие таңдаудың құпиясы – оның сабағыңа мән беріңіз. Егер ол жаңа, жасыл болса, оны таяуда жинады деген сөз. Сабағы мыжылып, қарайып жатса, жидектерінің дәмді болуын күтпеңіз.
Құлпынай мен шие маусымдық жидектер. Сондықтан олардың ең төменгі бағасы жаппай жеміс беру мен жинау кезеңінде болады. Деректер интернеттен алынды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через