Құлагер

Құлагер
фото: Әуезов театры

26 желтоқсан, 18:30

Өтетін орыны: Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы 38, Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры. 

Премьера күні: 4 наурыз 2020 жылы 

Автор: Ілияс Жансугіров

Қоюшы режиссёр: Фархад Молдағали

Қоюшы суретші: Айдана Бисембаева

Жанр: Soundrama 

Ұзақтығы: 1 сағат 

Жас санаты: 12+

Өмір – арпалыс, күрес, жарыс... Аламан – бәйге.

Қазақ – ат жалын тартып мініп, асау таймен алысып есейген, жылқы малына жаны құмар, ұлттық рухы мықты халық.

Дүбірлі додаларда шын жүйріктер озады. Бұлтарыс-қалтарыстарда тұяғы тайғанап, аяқтан шалатындар кезікпесе, әрине...

Аттың шабысы – ол, адам шабысы.

ҚҰЛАГЕР – еркіндікке ұмтылған қара халықтың, Адам – Ақынның  Жан-Азасының символы.  

«Құлагер» қойылымы Қазанатынан, Ер қанатынан айырылған Ақанның зарына қанықтырып, қазақ өнерінің құдіреті мен киесін таныта түсері хақ...