«ҚҰЙЫН» драмасы

«ҚҰЙЫН» драмасы
фото: Әуезов театры

       2023 жылдың 8 қыркүйегінде сағат 18.30-да Өнер айдынындағы көшбасшы - Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры назарларыңызға 98-маусымның алғашқы жаңа спектаклі -  «ҚҰЙЫН» драмасын ұсынады!

       Авторы -  Ұжымдық жұмыс.
       Режиссері -  Әлібек Өмірбекұлы.   
       Суретші - Әлібек Өмірбекұлы, Мұрат Сапаров. 

       Премьера қарсаңында  сағат 17.15-те баспасөз мәслихаты өтеді. Шараға  М.Әуезов атындағы Ұлттық драма театрының көркемдік жетекшісі, КСРО Халық артисі  Асанәлі Әшімов, Ұлттық драма театры директорының кеңесшісі Есмұқан Обаев, М.Әуезов атындағы Ұлттық драма театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  Еркін Жуасбек, М.Әуезов атындағы Ұлттық драма театрының режиссері Әубәкір Рахимов және «Құйын» драмасының қоюшы-режиссері Әлібек Өмірбекұлы қатысады.

       «ҚҰЙЫН» драмасы. Тарих диірмені үңгісінде сұраусыз кетпес үшін әрекеттенген ел.  
Ел қамын жеп еңіреген ерлер. 
Жау жағадан алғанда бөрі етектен тартуда. 
Ғасырлар бойы өктемдік көрген ұлттың ұсақтану процесі. 
Кенет ескен еркіндік желі.
Замана илеуінде шаң-тозаңға айналып, құйын болып ұшып кетпеу керек.
Сол үшін жасалған қарекеттер «ҚҰЙЫН» спектаклінде көрініс табады.

Аккредитация үшін:
тел: +7 778 312 84 64 
 Динара Дәулетқызы