ҚР еңбек сіңірген қайраткері Асылбек Боранбайдың шығармашылық кеші

ҚР еңбек сіңірген қайраткері Асылбек Боранбайдың шығармашылық кеші

        М.Әуезов атындағы  Қазақ ұлттық драма театрында  2022 жылдың 16 қазан күні театрымыздың актері, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылбек Боранбайдың 50 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеші өтеді.

Кеш барысында өтетін шаралар:

  • сағат 16.00-де театрдың «Сырласу бұрышында»  актердің өмірі мен шығармашылығын таныстыратын «Асылбек Боранбай» атты кітаптың тұсаукесері;
  • сағат 16.30-да Н.Гогольдің «Үйлену» комедиясы.

Асылбек Райханұлы Боранбай 1972 жылы Қызылорда облысы, Арал қаласында дүниеге келген.1989-1993 жж. Т.ЖүргеноватындағыТеатр және кино институтында Театр және кино актері мамандығы бойынша оқыды.

1993 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының актерлік құрамына қабылданды."Ұстазы  жақсының – ұстамы жақсы"  деген, А.Боранбай белгілі актер, режиссер, өнер қайраткері Тұңғышбай Жаманқұловтың талантты шәкірттерінің бірі ретінде еңбекқорлығымен, ізденгіштігі, алғырлығымен көзге түсіп, оған театрда классикалық туындыларда басты да күрделі рольдер сеніп беріле бастады.

Ән айтып, домбыра тартатын өнерлі жігіт М.Әуезовтің «Қарагөзіндегі» Сырымның ақындығын, рухы мықты азаматтығын жан-жақты  ашса, «Абайында» қатыгез де дәстүр қорғандарының бірі Әзімханның жан қыртысын терең бейнеледі. А.Боранбаев сондай-ақ М.Әуезовтің «Айман-Шолпанында» Арыстанды және театрдың соңғы жаңа қойылымы «Абайда» (режисссер Е.Обаев) Керім, сондай-ақ С.Мұқановтың «Мөлдір махаббатында» (режиссер Ә.Рахимов) Мүсәпір рольдерін көркем орындады.

Театр репертуарында М. Әуезов«Қилызаман» (сахналықнұсқасы: Н. Оразалин, реж. Ә. Рахимов)Әубәкір, Т. Мәмесейіт «Бәкейкыз»(реж. Ә.Рахимов) – Жәмеңке,  С.Мұқанов «Мөлдір махаббат» (реж. Ә. Рахимов) – Мүсәпір, Ғ. Мүсірепов «Махаббат дастан» (реж. Қ. Сүгірбеков) – Жарқын, Б. Мұқай «Сергелдең болған серілер» (реж. О. Кенебаев)Ақын, Д. Исабеков «Актриса» (реж. Н. Жұманиязов)Коммерсант, Д. Исабеков«Жаужүрек» (реж. Е. Обаев)Долгоносов,И. Сапарбай «Сығансеренадасы» (реж. Е. Обаев, Т. Аралбай)Алеко,Ә. Рахимов «Қылмыскергекуәлік» (реж. Ә. Рахимов)Боян, Шахимарден «Томирис» (реж. Т. әл-Тарази)Кир патша, Р. Мұқанов «Мәңгілік бала бейне» (реж. Б. Атабаев)Артист, М. Сәрсеке «Тендергетүскенкеліншек» (реж. О. Кенебаев)Жорабек, Т. Әбдіков «Ұлы мен ұры» (реж. Е. Обаев, Е. Нұрсұлтан) Ұры, Н.Гоголь «Пара» (реж. Е. Обаев)Хлестаков, Н.Гоголь«Үйлену» (реж. В. Захаров)Подколесин, М. Кәрім «Күнәһар» («Ай тұтылғантүн», реж. О. Кенебаев)Ялсығұл,Н. Хикмет «ФархадШырын» (реж. А. Әшімов)Ашраф, Б. Жәкиев «Жүрейік жүрек ауыртпай» (реж. Е. Обаев) – Ұл, М. Байджиев «Қылмыс» (реж. О. Сәрсенбек) – Милиционер, Ф. Буляков «Отыз ұлың болғанша…» (реж. Ә. Рахимов) – Бастық, Е. Уахитов «Құдалар» (реж. Ә. Рахимов) – Қылышбек, Г. Томский «Аттила мен Аэций» (реж. А. Кәкішева) – Аэций, Т.Нұрмағанбетов «Барымен базар» (реж. Н.Жұманиязов) – Жайық рольдерін сәтті сомдап шықты.

Бүгінгі таңда театр репертуарының негізін көтеріп жүрген буынның көрнекті өкілі А.Боранбайдың актерлік диапазоны кең, құлашы үлкен.