Жаңа баспаналар 12 сотық жерге салынған әр пәтердің ауқымы 100 шаршы метр, төрт бөлмелі. Бәріне табиғи газ, су кіргізілген.
Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендердің жаңа баспанаға көшіп жатқаны жайлы видео жариялады.
Видео авторлары видеода президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа баспаналар салуға екі жарым айға жуық уақыт қажет екенін және өрт салдарынан баспанасыз қалғандардың барлығына жаңа үй берілетінін айтқан сөзін келтірген.
Жаңа баспаналар 12 сотық жерге салынған әр пәтердің ауқымы 100 шаршы метр, төрт бөлмелі. Бәріне табиғи газ, су кіргізілген. Сондай-ақ, интернет тартылған, оны тұрғындар бір жыл тегін пайдаланбақ.
Айта кетейік, Әулиекөл кентінің түбіндегі 91 тұрғын үйдің құрылысына Президент тапсырмасымен 2,3 миллиард теңге бөлінген болатын. Құрылыс жұмыстарымен 13 мердігер компания айналысты.
Еске салайық, қыркүйектің басында Қостанай облысындағы өрттен 91 тұрғын үй өртенген болатын, оның 85-і Аманқарағай ауылында және 6-ы Озерное ауылында.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через