SCAT әуе компаниясына 3 932 000 теңге айыппұл салынды

SCAT әуе компаниясына 3 932 000 теңге айыппұл салынды
фото: https://pixabay.com/ru/

Әуе компаниясы жолаушыларға қонақ үйден орын бермеген

SCAT әуе компаниясына жолаушылардың құқықтарын бұзғаны үшін айыппұл салынды

Ведомствоның мәліметінше, биыл 25 ақпанда "Өскемен– Астана" рейсі ұзақ уақытқа кешігіп қалды. Күндіз сегіз сағаттық кешігуге қарамастан, әуе компаниясы жолаушыларды қонақ үйге де орналастырмаған.

"Тек кешкі сағат онға қарай кезекші прокурордың араласуынан кейін жолаушыларға демалуға орын берілген. Адамдар күні бойы әуежайда өз ұшағын күтіп жатқан", - дейді прокурорлар.

Тексерістің нәтижесінде SCAT әуе компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды. Оған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 567-бабы, 2-бөлігі (рейс мәртебесі өзгерген кезде тасымалдаушының Қазақстан заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы не тиісінше орындамауы) бойынша 1000 АЕК (3 932 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

ҚазАқпарат