Қазақ зиялыларын жатқа білетін шымкенттік 3 жасар бүлдіршін көпті сүйсіндірді

Қазақ зиялыларын жатқа білетін шымкенттік 3 жасар бүлдіршін көпті сүйсіндірді
фото: massaget.kz

       Қазақ зиялыларының аты-жөні мен суретін жатқа білетін бүлдіршін көпті сүйсіндірді. Балабақша жасындағы баланың ақын-жазушыларды жатқа айтып отырған сәтінің видеосын анасы ТікТок парақшасында жариялады.

       Видеода қолына "Әдебиеттік оқу" пәнінің оқулығын ұстаған балақайдың анасы кітапты парақтап отырып, ұлынан ондағы ақын-жазушылардың аты-жөнін сұрайды. Бүлдіршін "Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынов" деп қазақ зиялылыларының есімдерін айтып береді.

       Желі қолданушылары бүлдіршіннің есте сақтау қабілетіне таңғалып, "болашақта ғалым" болсын деген тілек айтты.

       Желі қолданушылары "Мықты бала болайын деп тұр", "Алла қаласа, балаңыз үлкен ғалым болар. Тіл-көзден аман болып, үлкен азамат боп өссін", "Өзім тек Абайды білемін, қалғандарын ұмытып қалыппын. Жарайсың, балақай", "Келешекте жазушы болшы. Тез ұғады екен", "Керемет. Тіл-көзден амал бол, балапан", "Осынша жасында бәрін біліп тұр. Бір жерді тесіп шығады", "Талабыңа нұр жаусын", "Бізден жақсы біледі екен" деп пікір жазды.

       Автордың Желі қолданушыларының берген жауабында баланың 3 жаста екенін жазған. Шымкентте тұрады.

       Ақпарат дереккөзі: massaget.kz