фото: adyrna.kz
Ішкі істер министрлігі Астанада кепілге алынғандарды босату операциясы аяқталды, - деп хабарлайды Standard.kz порталы Tengrinews.kz. порталына сілтеме жасай отырып.
«Kaspi ғимаратында сәтті әскери операция жүргізілді, кепілге алынғандардың барлығы босатылды. Кепілге алынғандар полицияның шабуылынан кейін босатылды.Барлық қызметкерлер жұмыс орнынан шығарылды. Басқыншы ұсталды!", - делінген ҚР ІІМ хабарламасында.
Кепілге алынғандардың барлығын дәрігерлер тексерді. Кепілге алынғандар мен басқыншылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Басқыншымен келіссөздерді Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жүргізді. Ол әскери операцияны да басқарды.
Алдын ала мәлімет бойынша бір полицей жеңіл жараланған.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через