фото: gorzavod.ru
Жетісу облысының тұрғыны делдал арқылы өзінің 2022 және 2023 жылдары туған екі бүлдіршінін сатып жіберген. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен брифингіде ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты.
"Бірінші факт 2022 жылдың қазан айында, ал екінші факт 2023 жылдың тамыз айында болған. Екі жағдайда да мәміле сомасы - 1 млн теңгені құраған», - деді ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек.
Аталған факт негізінде Қылмыстық кодекстің 135-бабы бойынша (Кәмелетке толмағандар саудасы) іс қозғалды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через