Қорылдаудың адам өміріне тигізетін қаупі қандай?

Қорылдаудың адам өміріне тигізетін қаупі қандай?
фото: Фото: aussiedlerbote.de

Қорылдаудың адам өміріне тигізетін қаупі қандай?

Ұйқы кезінде жұмсақ таңдай мен тілше босаңсып, тыныс алу жолдары тарылады. Содан соң мұрын-жұтқыншақ арқылы өтетін ауа ағыны азаяды. Жұмсақ тіндердің діріліне байланысты гүрілдеген немесе ысқырған дыбыс пайда болады, оны қорылдау деп атайды. Ол ауаның қаншалықты шектеулі екеніне байланысты дыбыс деңгейі бойынша өзгеруі мүмкін.

Бұл құбылыстың себептері физиологиялық ерекшеліктерден де, әртүрлі патологиялардан да пайда болуы мүмкін:

Суық және аллергия.

Бұлардан мұрын бітеліп, тамақтың ісінеді, соның кесірінен тыныс алу кезінде ауа ағындары қалыпты өте алмайды;

Жұтқыншақ анатомиясы. Әдетте бадамша бездері үлкейген адамдар аздап қорылдайды;

Артық салмақ. Мойындағы артық май тыныс алу жолдарын тарылтады;

Балаларда қорылдау, көбінесе, бадамша бездер мен аденоидтардың ұлғаюынан болады;

Мұрын септумының қисаюы;

Жоғарғы тыныс жолдарының созылмалы аурулары;

Ыңғайсыз жастық;

Жатын бөлмедегі ауа тым құрғақ болса;

Алкогольді шектен тыс пайдалану, темекі шегу;

Ұйықтататын дәрілерді қабылдау;

Гормоналды дәрілерді өздігінен қабылдау;

Жүктілік.

Қорылдаумен күресудің бірнеше әдісі бар:

Салмақты қалыпқа келтіріңіз

 

Алдымен дәрігермен кеңесіп, салмақ тастаудың ыңғайлы әдісін таңдаған дұрыс. Жалпы калорияны азайтып, пайдалы тағамға ауысып, асты аз-аздан жеу керек. Сондай-ақ үнемі жаттығу жасау керек. Бұл қорылдауды қойдыруы мүмкін.

Бір бүйірмен ұйықтау

Арқамен жатқан кезде тіл тамақтың арт жағына қарай кетіп қалуы мүмкін. Бұл ауа ағынын ішінара бөгейді. Бір қырындап ұйықтасаңыз, қорылдауыңыз азаяды.

Аллергияны емдеңіз

Кей адамдар аллергия кезінде мұрын арқылы демалу қиын болған соң, ауыз арқылы тыныс алады. Бұдан қорылдау пайда болуы мүмкін. Сол үшін аллергияға қарсы дәрі-дәрмектер туралы дәрігермен кеңесіп қолданған абзал.

Темекіні тастаңыз

Темекі шегу - бұл әртүрлі ауруға, соның ішінде қорылдың пайда болуына әкелетін тыныс алу жолдарының созылмалы жарақатына әкелетін әдет. Емдеуші дәрігермен әртүрлі медициналық құралдардың көмегімен осы тәуелділіктен арылу мүмкіндіктерін талқылаған жөн.

Ұйқы

Қорылдаудан құтылу үшін дұрыс ұйықтаған жөн. Тәулігіне 7-8 сағат ұйықтау керек. Сонымен қатар ұйқы режимін реттеу қажет.