Қоқыстан энергия өндірілетін болады
Экология Вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов стихиялық қоқыстармен қалай күресетіндерін айтып берді.
Еліміздегі қоқыс үйінділерінің жағдайы мәз емес. Жақсы деген полигондардың өздерінде қоқыстың тек 30% - ы ғана кәдеге жаратылады. Көптеген үйінділерде қайта өңдеу туралы естімеген. Экология министрлігінің мәліметінше, елдегі барлық қоқыс полигондарының тек 18%-ы экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптарға сәйкес келеді. Ал қалған 78% - ы экологияға және тұрғындардың денсаулығына елеулі проблема келтіруде. Қоқысты энергияға айналдыруға болады және қажет.
Алматы маңында осы жылдың өзінде 380 стихиялық қоқыс орындары табылды. Олармен күресу үшін Экология министрлігі жедел желіні іске қосты. Өңірдегі барлық қоқыс полигондары санитарлық және экологиялық нормаларға сәйкес келмейді. Жыл сайын жергілікті атқарушы органдар стихиялық қоқыс үйінділерін жоюға шамамен 100 млн теңге жібереді. Осы қомақты салымдарға қарамастан, ТҚҚ қайта өңдеу және кәдеге жарату проблемасын жүйелі тәсілсіз шешу мүмкін болмай отыр.
Қоқысты энергияға айналдыру
Елдегі бұл проблеманы біртіндеп шешу қолға алынып жатыр. Бұл мәселені Waste to energy ("қоқыс-энергияға") қоқыс жағатын зауыттар немесе кешендер есебінен шешу жоспарланып отыр. Оларды Ақтөбе, Алматы, Өскемен, Нұр-сұлтан, Қарағанды және Шымкент қалаларында іске қосу жоспарлануда. Алматыда мұндай зауыт 2024 жылға қарай салынуы тиіс.
Waste to energy энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі жобаны іске асыру жыл сайын түзілетін 5 млн тоннаға жуық ҚТҚ – дан қайта өңдеуді және кәдеге жаратуды 1,65 млн тоннаға дейін ұлғайтуға (750 мың тонна – сұрыптау және қайта өңдеу, 900 мың тонна-қалдықтарды энергияға қайта өңдеу) және тиісінше, 2024 жылға қарай қалдықтарды қайта өңдеу мен кәдеге жарату үлесін 30% - ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через