Қоғамда екпеге күмәнмен қарайтындар көп

Қоғамда екпеге күмәнмен қарайтындар көп
фото: Фото: canva.com

Биылғы жылы қызылша ауруы өршіп, қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында кеңінен тарады. Сырқаттанғандар саны 19 мыңға жетіп, екі сәби қайтыс болды.

Қоғамда екпеге күмәнмен қарайтындар көп

Қазір эпидахуал түзелгенімен, Батыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облыстарында жағдай әлі де болса күрделі. Қызылша ауруының кең таралуына не себеп болғанын, қазіргі эпидемияологиялық жағдайға дәрігер Шолпан Дайрабаева         пікірі.

Қазақстанда қызылша ауруын жұқтырғандар алғаш наурыз айында тіркеле бастады. Еліміздің жеті өңірінде 20 жағдай зертханалық расталды. Сол кезде қызылша Қазақстанға Египеттен, Түркиядан және Ресейден әкелінгені айтылды.

Алайда, жергілікті Денсаулық сақтау министрлігі жедел вирустық аурудың бүкіл ел бойынша таралуын дер кезінде тоқтата алмады. Шілдеде қызылша ауруының екі мың жағдайы тіркелгені туралы хабарланды. Қараша айының басында – 13 мың науқас туралы белгілі болды. Ал 1 желтоқсандағы брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ажар Ғиният айтқандай, олардың саны 19 мыңға жуықтады.

Дәрігер Шолпан Дайрабаеваның айтуынша, аурудың бұлайша өршуіне бірінші кезекте дер кезінде екпе алмау себеп болған.

"Қызылшаның негізгі өршу себептері – күнтізбе бойынша белгіленген уақытта екпе алмау. Оған әлеуметтік желілерде кең тараған антивакциналық жалған ақпараттарды таратушылардың көбеюі, ата-аналардың жеке діни наным-сенімдері себепкер болып отыр. Қызылша, негізінен, екпеге игерілетін жұқпалы ауру, яғни вакцина алған бала 96%-ға қорғалады. Сонымен қатар екпе салу мерзімінің өзгеруінің де келеңсіз жағдайға өзіндік әсері бар. Ата-аналар арасында тұрғылықты мекен-жай бойынша емханаға уақытылы бармай, екпе салу уақытын жіберіп алғандар көп", – деп түсіндірді дәрігер.

Ауруға шалдыққан бір баланың өзі қасындағы 8-10 балаға қызылша жұқтыра алады, деп еске салады дәрігер. Жұқпалы аурудың дәл қыркүйек-желтоқсан айларында өршуі де соның дәлелі. Балабақша, мектеп есігі ашылған уақытта екпе алмаған не иммундық жүйесі әлсіз бала, әрине, бірден ауруға шалдығады. Дегенмен, маманның айтуынша, кейінгі кездері эпидемиялық жағдай біршама жақсарды.

ҚазАқпарат