Қазақтың төрт жігіті – әлем чемпионы атанды 

Қазақтың төрт жігіті – әлем чемпионы атанды 

       Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатының жеңімпаздарын құттықтады.

       Президенттің Twitter-дегі құттықтауында бокстан елімізге алтын медаль әкелген төрт спортшының өнерін тамашалағанын айтып, жігерлі жеңістеріне тәнті болғанын айтып өткен. 

       “Бокстан әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектерін зор қызығушылықпен тамашаладым. Жеңіске деген ерік-жігер мен шынайы патриотизмнің жарқын үлгісін көрсеткен боксшыларымыз Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбайды шын жүректен құттықтаймын! Қазақтың төрт жігіті – әлем чемпионы!” – деп жазылған Президенттің Twitter-дегі құттықтауында.