Қазақтелекомның 28,8 пайыз акциясы мемлекетке қайтарылады

Қазақтелекомның 28,8 пайыз акциясы мемлекетке қайтарылады

       - Қазақстан Үкіметі «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы қаулы қабылдады.

       Қаулығы сәйкес, «Қазақтелеком» акцияларының 28,8 пайызы мемлекеттік меншікке қайтарылады.

       «Сыйға тарту шарты бойынша «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының жарғылық капиталының 24,95%-ын құрайтын 2671481 жай акциясын республикалық меншікке беру туралы Skyline Investment Company S.A. жеке компаниясының ұсынысы қабылдансын», — делінген қаулы мәтінінде.

       Сондай-ақ «Alatau Capital Investment» ЖШС сыйға тарту шарты бойынша қоғамның жарғылық капиталының 3,85%-ын құрайтын қоғамның 413412 жай акциясын республикалық меншікке береді.

       Ақпарат дереккөзі