Қазақстанның үздік теннисшісі әлемнің экс-бірінші ракеткасын жеңді

Қазақстанның үздік теннисшісі әлемнің экс-бірінші ракеткасын жеңді

Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик Ньюпортта (АҚШ) өтіп жатқан ATP 250 турнирінің 1/2 финалына шықты.

Ширек финалда қазақстандық британдық Энди Марреймен кездесті. Кездесу 7:5, 6:4 есебімен аяқталды.

Матчтың ұзақтығы бір сағат 46 минутты құрады.

Жартылай финалда Бублик австралиялық Джейсон Кублермен кездеседі.