Мерей Базарбаев еркін күрестен әлем чемпионы атанды

Мерей Базарбаев еркін күрестен әлем чемпионы атанды

фото: Алматы әкімдігі

Алматылық балуан Мерей Базарбаев АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады "Сапалы Қазақстан" порталы.  

Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері мәлімдегеніндей, 12–18 қазан аралығында өткен әлем біріншілігінде Мерей Қазақстан намысын 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қорғады. 

Финалда түркиялық Бекир Кесерді таза жеңген Мерей Базарбаев әлем чемпионы атанды.

Фото: Алматы әкімдігі.

Алматылық спортшы турнирдегі барлық белдесуінде жеңіске жетті. 1/8 финалда америкалық Люк Лилледальді 3:1 есебімен ұтса, ширек финалда Франция өкілі Расул Галбураевты 13:2 есебімен мерзімінен бұрын жеңді. 

Жартылай финалда Мерей жапониялық Дайто Кацумэні 7:0 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!

Сондай-ақ оқыңыз

Жазылу
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз