Елімізде дабыл қағатын жағдай қазақстандықтардың шет мемлекеттерге қоныс аударуы болып тұр. Мысалы, жыл басынан бері 14 мыңнан астам отандасымыз басқа елге қоныс аударған. Тіпті дүниежүзін жайлаған індетке де қарап жатқан жоқ.
Эмигранттар саны бойынша біздің ел -ТМД елдерінің алдына шығып кеткен. Бірінші орында. Сонда неге көшіп қонуға белсенділік танытып отырмыз? Туып –өскен жерінен кетуіне не себеп?
Статистикалық мәліметтерді қарап көрейік. 2020 жылы карантиндік шектеулерге қарамастан Қазақстаннан 23 мыңнан аса адам қоныс аударған. Биыл да көші-қон мәселесі белең алып тұр. Мамандардың пікірінше, көбіне-көп жерлестеріміз сырттан табыс іздеп, туған еліне көңілі толмай кеткендер дейді. Және бір себебі елінен кеткендердің айтуынша, басқа мемлекетте өмір сүру қолайлы дегенді алға тартады. Сондықтан қалай болғанда да мықты маман иелерін елде қалдыру үшін білім беру сапасы мен жалақы көлемін арттыру керек. Кез-келген жанның жұмысы тұрақты, табысы жоғары болса, ол адам ешқашан да өзінің жылы мекенін суытпайды.Басты себеп экономикалық және әлеуметтік жағдай.
Тақырыпқа орай шетел баспасөзі не деп жазуда. Ағылшынтілді Eurasiaview.com журналына Еуразиядағы этникалық және діни мәселелер жөніндегі сарапшы Пол Гоблдың қазақстандықтардың шетелге көшу тенденциясына қатысты пікірі берілген.
«Қазақстанға келушілерден көрі, кетушілер саны көп болып тұр. 1990-жылдары елден кететіндердің көбі славяндар болса, қазір өзге елге көшетіндер арасында этникалық қазақтар көп. Бұл ортаазиялық мемлекеттің болашағына үлкен қауіп төндіреді. Өйткені елге келетін иммигранттарға қарағанда шетелге көшетін эмигранттар әлдеқайда білімді әрі белсенді" деп жазады Пол Гобл.
Автордың айтуынша, 1990-жылдары Қазақстаннан этникалық орыстардың көшуі елде этникалық қазақтардың басымдыққа ие болғанын білдіріп, біраз талқылау туғызған. Бірақ кейінгі кездегі эмиграцияның ұлттық сипаты байқалмайды.
Дерек бойынша 2019 жылы ресми статистикаға сәйкес, Қазақстанға 12,2 мың адам келіп, 45,2 мың қазақстандық шетелге көшкен. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда сегіз пайызға көп. 2020 жылдың бірінші жарты жылдығындағы ресми дерек бойынша, пандемияға байланысты енгізілген шектеулерге қарамастан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарынан 11 мың адам шекара асқан. Елден кеткендердің 60-70 пайызы жоғары білімді болған. Ал иммигранттардың ішінде жоғары білімді азаматтар үлесі 15 пайыздан аспайды. Гобл мұны "білімділердің жаппай көшуі" деп атайды.
"Бұрын кей қазақтар ресейлік мамандардың кетуін тәуелсіздік үшін төленуі тиіс құн сияқты көретін. Қазір олар жалақының төмендігі мен кәсіби тұрғыдан өсу мүмкіндігінің аздығынан қазақтардың да елден кетіп жатқанына куә болып отыр. Елде жүргізілген соңғы зерттеу алдағы уақытта бұл жағдайдың одан әрі ушығатынын көрсетеді" деп жазады Пол Гобл.
Қалай дегенмен де, шетелге кеткендердің аз бөлігі ғана елге оралғаны белгілі. "Бұл – ойландыратын мәселе: "Талантты азаматтары шетелге көшіп жатқан елдің болашағы қандай болады?" Мемлекет азаматтарын ұстап қала алмаса, ары қарай да әлем елдерінің көшіне қалай ілесеміз? Ой қосып, пікір қалдыңыз...
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через