Қазақстандықтарға психологиялық қолдау көрсететін бірыңғай Call-орталық құрылады

Қазақстандықтарға психологиялық қолдау көрсететін бірыңғай Call-орталық құрылады

       Медициналық-әлеуметтік көмекке мұқтаж қазақстандықтарға консультациялық, психологиялық қолдау көрсету үшін бірыңғай Call-орталық құрылады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас психиатр-наркологы Қуаныш Алтынбеков айтты.

       «Өкінішке орай «Оңалту бөлімшелері қай жерде жұмыс істейді, көмекті қалай алуға болады, бұл бөлімшелерге қалай баруға болады?» деген ақпаратты халық біле бермейді. Аталған Call-орталық еліміздің барлық психикалық денсаулық орталықтарын біріктіретін болады«,- деді Қуаныш Алтынбеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

       Сондай-ақ оның айтуынша, елімізде өңірлік психикалық денсаулық орталықтары бар. Оларда есірткіге тәуелді пациенттерді медициналық-әлеуметтік оңалтудың үш кезеңдік бағдарламасымен емдейтін бөлімшелер жұмыс істейді. Қазіргі уақытта осы бөлімшелерді кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оларда есірткіге тәуелділіктен арылуға, әлеуметтік дағдыларды қалпына келтіруге, сондай-ақ есірткіні қайта пайдалануға төзімділікті қамтамасыз ететін жеке қасиеттерді дамытуға бағытталған медициналық және әлеуметтік іс-шаралар жүргізіледі.

       Бүгінгі таңда үш кезеңді оңалту 7 өңірде жұмыс істейді: Ақмола, Қостанай, Павлодар, Түркістан, Ақтөбе облыстарында және Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында. Барлық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында көрсетіледі.

       "Қазан айында Солтүстік Қазақстан облысының психикалық денсаулық орталығында бөлім ашылады. Осы жылдың соңына дейін басқа өңірлерде осындай бөлімшелердің ашылатындығы жоспарланған", - деді ол.

Kazinform,kz