Egov mobile мобильдік қосымшасын пайдаланушыларына жаңартылған интерфейс, жеке тұлғаларға арналған Е-license қызметтері, кері байланыстың ыңғайлы түрі қолжетімді болды.
Мобильді қосымшаның жаңа нұсқасына еGov.kz порталының сұранысқа ие 20 мемлекеттік қызметі қосылды.
Бұл туралы Ұлттық ақпараттық технологиялар баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін мемлекеттік қызметтерді eGov mobile мобильдік қосымшасын пайдалана отырып, телефондағы бірнеше тетікті басу арқылы алуға болады. Мемлекеттік қызметтерді алу уақытын үнемдеу және цифрлық форматқа көшу үшін eGov Mobile функциялары мен мүмкіндіктері де кеңейтілді.
Egov mobile қосымшасында қазірдің өзінде 400-ге жуық мемлекеттік онлайн-қызмет пен сервис қолжетімді, 2022 жылдың соңына дейін барлық мемлекеттік қызметтерді 80%-ға дейін «смартфондау» жоспарлануда.
Жаңартылған дизайнмен қоса «Цифрлық құжаттар» сервисіне ЭЦҚ кілті арқылы авторизациядан өткен жағдайда Интернетке қосылмай-ақ пайдалану мүмкіндігі пайда болды.
Бүгінде eGov mobile мобильдік қосымшасындағы «Цифрлық құжаттар» сервисі 18 құжаттан (жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, вакцинация паспорты, ПТР тест және туу туралы куәлік және т.б.) тұрады.
Egov mobile мобильді қосымшасы азаматтар арасында сұранысқа ие және қажетті құжаттарды өзімен бірге «телефонда» алып жүруге мүмкіндік береді. Іске қосылған сәттен бастап тек «Цифрлық құжаттар» сервисін 47 миллионнан астам рет пайдаланылды. Бүгін біз пайдаланушылар бағалай алатын жаңа және ыңғайлы интерфейс жасадық. Осыған дейін ЭЦҚ көмегімен авторизациядан өткен қолданушылар Цифрлық құжаттарды Интернет болмаған жағдайда пайдалана алады, енді бұл қызмет оларға әрқашан қолжетімді,- деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.
Қосымшаның жаңа нұсқасына eGov.kz порталының 20-дан астам мемлекеттік қызметі қосылды, олардың ішінде: ҚР аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайын айқындау бойынша анықтама беру, қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру, ҰОС қатысушыларына куәліктер беру және т.б.
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін белгілі бір тақырып бойынша пайдалы ақпарат жиынтығынан құралған «Өмірлік жағдайлар» жаңа бөлімі қосылды. Бұл сервис азаматтарға қажетті мемлекеттік қызметтерді алуға өтінім беру және ақпаратты іздеу үшін уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.Цифрлық құжатта қате мәліметтер анықталған жағдайда «қате туралы хабарлау» батырмасын басып, e-Otinish арқылы тиісті мемлекеттік органға өтініш беру тетігі пайда болды.
Ең маңызды жаңарту: жеке тұлғаларға Е-license порталының 250-ден астам қызметін алу мүмкіндігі пайда болды, олар: жеке кәсіпкер ретінде қызметінің болуы туралы хабарлама, жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту және карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шақыруға фитосанитариялық сертификат беру.
Биылғы жылы «ҰАТ» АҚ командасы мемлекеттік қызметтер мен сервистерді 80%-ға дейін «смартфондауды» жоспарлап отыр. Сондай-ақ Мемлекет басшысының құжаттар айналымындағы қағазбастылықты азайту тапсырмасы шеңберінде «Цифрлық мәліметтер» сервисін іске асыру жоспарда бар, онда азаматтар анықтамаларды неғұрлым ыңғайлы тәсілмен ал алады және анықтаманы талап етілген жердегі электрондық пошта, мессенджер немесе QR код арқылы жібереді, енді қағаз түрінде басып шығарудың қажеттілігі болмайды, - деді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.
Egov mobile мобильдік қосымшасының жаңа нұсқасы iOS жүйесінің пайдаланушылары үшін App Store платформасында, сондай-ақ Android жүйесінің пайдланушыларына Play Market және App Gallery қолжетімді.
Бұл жаңартулар ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік қызметтер комитеті мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен жұмысының арқасында жүзеге асты.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через