Қазақстандықтар жазғы Олимпиада ойындарын тамашалай ала ма?
"XXXII жазғы Олимпиада ойындарын тікелей трансляциялау құқығы Dentsu Inc компаниясына тиесілі. Жазғы Олимпиада ойындарын Қазақстанда трансляциялау мүмкіндігі туралы"Қазақстан" Корпорациясы мен "Хабар" АҚ Dentsu Inc.компаниясымен келіссөздер жүргізді. Алайда, ұзақ келіссөздерге қарамастан, тараптар әлі келісімге келе алмады. Себебі, авторлық құқық иесі ойындарды трансляциялауға лицензияның бағасын 2016 және 2018 жылдарға қарағанда 123% - ға артық белгілеген. Қазіргі уақытта "Qazaqstan", "Qazsport" және "Хабар" телеарналары Токио Олимпиадасында өнер көрсететін қазақстандық спортшыларды ақпараттық қолдауға және отандық телекөрермендерді жедел ақпараттандыруға дайындалуда. Телеарналарда ұлттық олимпиада комитеті мен ірі шетелдік ақпараттық агенттіктердің фотосуреттері мен бейнематериалдарын алуға мүмкіндік бар. XXXII жазғы Олимпиада ойындары Токиода 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді. Қазақстан құрамасының 27 спорт түрі бойынша 97 лицензиясы бар". Қазақстандық олимпиадашылар командасының негізгі бөлігі Жапонияға 16 шілдеде аттанды. Алматыдан алғашқы рейспен 128 адам ұшып шықты.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через