Қазақстандықтар тамақты сырттан қаншалықты жиі ішеді?

Қазақстандықтар тамақты сырттан қаншалықты жиі ішеді?
фото: Фото: canva.com

Халықаралық сарапшылар адам табысының жартысынан көбін тамаққа жұмсаса, онда оны кедейлер санатына жатқызуға болатынын айтады.

"Elim" маркетингтік және әлеуметтанулық зерттеулер институты сарапшыларының сауалнамасына сәйкес, қазақстандықтар мейрамханаларға жиі баратын болып шықты.

Олар бүкіл ел бойынша 500 адамнан сұхбат алған.

47,2 пайызы – әйелдер, қалғаны – ер адамдар. Негізгі жас тобы – 20-45 жас. Бірнеше қарапайым, бірақ қызықты сұрақтар қойылған.

Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 20 пайыздан астамы ҚТМ-ге (қоғамдық тамақтандыру мекемелеріне) аптасына бір реттен үш ретке дейін, 30 пайызға жуығы аптасына екі не бес рет барады. 10 пайыздан аздауы мұндай жерлерге мүлдем бармайды және тек үйде тамақтанады.

Бұл – орташа деректер. Нәтижелер әр аймақта әр түрлі болып келеді. Мысалы, Астанада мейрамханаларға аптасына 5 реттен артық келетін адамдар көп. Ал Қарағандыда әйелдер аптасына 5 реттен көп қоғамдық тамақтану орындарына барады.

Дастархан культі Оңтүстік Қазақстан облысында дамыған. Онда орташа адам аптасына кемінде екі рет әртүрлі тойларға барады. Аймақ электронды төлемдер арқылы жасалған шығындар деңгейі бойынша барлар кинотеатрлардан кейін екінші орында тұр. Орташа чек шамамен 5 мың теңгені құрайды.

Ал www.numbeo.com деректері бойынша ең қымбат ресторандар Астанада. Мұндағы индекс 38,87 деңгейінде. Алматы Астанадан кейінгі орында, оның позициясы – 34,91.

Оңтүстік астанада етті тағамдардың орташа бағасы 3 мың мен 5 мың теңге аралығында, бір бөтелке сыра – 1000-1300 теңге, бір кесе капучино – 800-1000 теңге, шағын бөтелке су – 400-ден 500 теңгеге дейін.

Бірақ мұндай мекемелердегі азық-түліктің қымбаттығы бағаны басқа елдермен салыстырған кезде айқын болады. Көрші Өзбекстан небәрі 21,72 пункт индексті көрсетеді, Киевтегі Крещатикте Алматыға қарағанда бір жарым есе арзан ақшаға тойып тамақ ішуге болады. Мейрамхана индексі – 23,59. Жазда Антальяда индекс – 26,55, Малайзия астанасы Куала-Лумпурде – 27,28.

Бірақ ақпарат халықтың табысымен салыстырылып, кафелер мен барлардың жалпы шығындар құрылымында қанша "жейтінін" көргенде әлдеқайда қызықты болады.

Бір айда кафелер мен барларда серуендеуді ұнататын астаналықтар шамамен 100 000 теңге қалдырады деп есептеуге болады.

Шығындар құрылымында "кездесулер" бірінші орында тұр, ал еуропалықтардан айырмашылығы, бізде денсаулықты алдын ала тексерту шығындары төмен.

Кез келген адам сырттан тамақтанудың, понттарға тәуелді болудың қажетсіз шығындар екенін түсінгеннен кейін одан аулақ болады.

Экономика неге сүйенеді?

Қазақстандықтардың асханасы ел экономикасының маңызды бөлігі. Сонымен, ШОБ құрылымында мейрамхана бизнесі әрқашан шыңында тұрады.

"Elim" маркетингтік және әлеуметтанулық зерттеулер институты деректерінше, Қазақстанда ресми түрде 2017 жылғы қарашада қонақүй (ЭҚЖЖ коды 55101 "мейрамханалары бар қонақүйлермен қызмет көрсету") және мейрамхана (ЭҚЖЖ коды 56100 "мейрамханалар және азық-түлік өнімдерін жеткізу бойынша қызметтер") бизнесімен 2 976 ұйым ресми түрде айналысады. Бір ұйымда бірнеше түрлі тамақтану орындары немесе желі болуы мүмкін екенін айтады.

Қазақстан қалалары арасындағы кафелер мен мейрамханалар саны бойынша 2017 жылғы желтоқсанда Алматы қаласы көш бастап тұр, мұнда kazdata сарапшылары 1 003 мекемені есептеді. Одан кейін Астана – 859 мекеме. Қызылорда облысында мейрамханалар өте аз.

Орташа есеппен алғанда, мейрамханалардың ай сайынғы сатылымына келетін болсақ, 5 миллион теңгеге дейін, бұл әлі де төмен көрсеткіш, айына 10 миллионнан асса, жақсы көрсеткіш болып саналады. Классикалық схема – таза пайда 25-30 пайыз.

Биыл 1 қыркүйекке дейін елімізде тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсететін 10,2 мың кәсіпорын тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,2%-ға артық.

Олардың ішінде 8,2 мың кәсіпорын жұмыс істеп тұр, оған қоса жылына 10,4%-ға артып отырады. Тіркелген компаниялардың үлесі 80,3% құрады.

Жалпы, жұмыс істеп тұрған компаниялардың үлесі жылдан жылға артып келеді. Мәселен, 2017 жылдың тамызында көрсеткіш тек – 65,6%, 2019 жылы – 72,1%, 2022 жылы – 78,7% құрады.

Сектордағы барлық жұмыс істейтін компаниялардың үштен бірі Алматыда орналасқан. 2,7 мың кәсіпорын өткен жылмен салыстырғанда 12,2%-ға артық. Барлық компаниялардың төрттен бірі Астанада болды. 2,2 мың кәсіпорын, жылдық өсім – 6,9%. Мегаполистерден үлкен алшақтықпен Қарағанды облысы көшбасшылар үштігін тұйықтады – 342 кәсіпорын (жылына 9,3%).

HoReCa секторының ең аз компаниялары Ұлытау (23 кәсіпорын), Жетісу (84 кәсіпорын) және Солтүстік Қазақстан (97 кәсіпорын) облыстарында орналасқан.

Осы жылдың II тоқсанында еліміздегі мейрамханаларға, кафелерге және осыған ұқсас мекемелерге жұмсалған шығындар жан басына шаққанда орта есеппен 2,1 мың теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,6%-ға артық.

Өңірлік бөліністе Алматы тұрғындары мейрамханалар мен кафелерге көп ақша жұмсайтыны анықталды. Жан басына шаққанда орта есеппен 3,9 мың теңге, өткен жылмен салыстырғанда 10,7%-ға артық. Бұдан әрі Қызылорда және Алматы облыстары (әр өңірде 3,7 мың теңгеден).

Маңғыстау облысында осыған ұқсас, кем дегенде ресми деректер бойынша – тоқсанына небәрі 39 теңге.

Ағымдағы жылдың тамыз айында мейрамханалар мен қонақүйлер қызметтерінің бағасы өткен жылдың тамыз айымен салыстырғанда 13,1%-ға өсті.

Олардың ішінде қоғамдық тамақтандыру мекемелерінің қызметтері 13,1%-ға қымбаттады. Мейрамханада түскі ас – 15,2%-ға, асханада түскі ас – 11,8%-ға, фастфуд 13,5%-ға қымбаттады. Қонақ үйге қызмет көрсету бағасы 11,6%-ға өсті.

Өңірлік бөліністе мейрамханалар мен қонақүйлердің қызметтерінің ең көп қымбаттауы Жетісу облысында байқалды – 43,3%. Антилидерлердің үштігіне Шымкент (25,5%-ға қымбаттаған) және Алматы облысы (19,4%) кірді.

ҚазАқпарат