фото: pixabay.com
Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істігісі келетін отандастарымызға арналған жоба қолға алынып жатыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев мәлім етті.
«Қазақстан азаматтарының Оңтүстік Кореядан жұмысқа орналастыруға рұқсат беру жүйесі бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр. Ол үшін орталық құру жұмысы басталды. Ондағы мақсат - Оңтүстік Кореяға жұмысқа орналасқысы келетін азаматтарға тіл үйрету. Жобаны іске асыру аталған елге еңбектенуге барған азаматтарымыздың әлеуметтік және еңбек құқығын қорғауға кепіл береді», - деді Асқарбек Ертаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ, жоба аясында Оңтүстік Кореяға барған отандастарымыз 3 жылға дейін заңды түрде жұмыс істей алады, деп хабарлады kaz.inform.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через