Қазақстандық жүзгіш Ислам ойындарында екінші алтын медалін иеленді

Қазақстандық жүзгіш Ислам ойындарында екінші алтын медалін иеленді

     Түркияда өтіп жатқан Ислам ынтымақтастық ойындарында қазақстандық жүзгіш Әділбек Мусин екінші рет алтын медальды иеленді.

     Ол 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде финалда жеңіске жетті. Сонымен қатар 4 х 100 метрге аралас эстафеталық командада үшінші болды.

     Бұған дейін Мусин 100 метр қашықтыққа баттерфляй әдісінен бірінші болып өткен болатын.

Olympic.kz.