фото: smapse.ru/new-york-film-academy
«Dаra» Президенттік бастамалар қоры ұйымдастырған республикалық мобилография фестивалінің 20 финалисі бір апта Лос-Анджелестегі Нью-Йорк киноакадемиясының білім аудиторияларында өткізеді.
Американдық кино өндірісі мен 3D анимацияны жан-жақты оқыту бойынша жетекші ЖОО бірінде қазақстандықтарға түсірілім процесінің технологиялары туралы баяндалады
Смартфонның техникалық мүмкіндіктеріне ауысқан классикалық түсірілім стандарттары кинода бірнеше жылдан бері қолданылып келеді.
Оқу бағдарламасы күрделі, онда қатарынан бірнеше пән оқытылады. Жобаның ең жас қатысушыларының бірі — Мырзабек Қуатбай небәрі 18 жаста. Ол алғашқы оқу күнінен алған әсерімен бөлісті.
Фото: Фонд президентских инициатив «Dara»
«Мильдік жол шағын қадамдардан басталады. Алғашқы қадамды да жасадық, мен табысқа жететініме сенімдімін!», — деген Мырзабек өзі оқыған қысқа оқиғалар стандарты талап еткендей, жағдайын қысқа, астарлы, бірақ эмоционалды түрде суреттеп берді.
Қазақстандықтар режиссер, актер, сценарийші, продюсер, оператор, фотограф және бейнеойын дизайнерлерін дайындайтын АҚШ-тың жетекші университеті New York Film Academy қабырғасында ұялы телефонға түсіру мен монтаждаудың кәсіби стандарттарын үйренетін болады.
Университеттің негізін қалаушы — Голливуд продюсері Джерри Шерлок. Оның негізгі қағидасы былай тұжырымдалған: кине өнеріне тәжірибе арқылы үйрету.
Сапарбек Жақсылықтың айтуынша, курс режиссураның қыр-сырын, қол камераларының техникалық сипаттамаларын, түсіру, монтаждау кезеңдерін үйренуден басталды.
«NYFA — мен білім алып жүрген төртінші ресми университет. Мүндағы білім сапасы мен ұстаздардың сабақты шабыттанып оқытуға деген ұмтылысы қуантады. Жоғары деңгейдегі кинотехнологиялармен танысу және олармен жұмыс істеу мамандыққа деген қызығушылықты арттырады. Осы мүмкіндік үшін „Dara“ қорына алғыс айтамын, өйткені NYFA-да білім алу маған қол жеткізу қиын арман сияқты көрінді», — деді Сапарбек Жақсылық.
Жобаның амбассадоры Асхат Шыналиев фестивальдің басталуы, оған өтінім қабылдау және бақытты «жиырмалықтың» таңдалуы туралы еске алғанда қатысушылар тарапынан мұндай қызығушылықтың артатынын және жеңімпаз жұмыстардың осыншама жоғары деңгейде болатынын күтпегенін айтты.
Бейне өтінімді 16 мен 40 жас аралығындағы 7 мыңнан астам мобилограф жіберген. Географиясы бүкіл Қазақстанды қамтиды. 100 жұмыс жобаның соңғы кезеңіне өтті. 40 финалист ақшалай сыйлыққа ие болды, 40 қатысушы мобилографияның онлайн курсын аяқтады, ал үздік жұмыстардың 20 авторы Нью-Йорк киноакадемиясында оқуға мүмкіндік алды. Бұл — жобаның соңғы кезеңі.
«Бүгін — оқып жүргенімізге екінші күн. Editing day — монтаждау сабағы. Сабақ барысында біз көп ақпарат аламыз, көп нәрсені қате түсіретініміз белгілі болды және бұл жерде фильмді нақты қалай түсіру, өңдеу керектігі толық көрсетілген. Ешбір елде болмаған жобаға қатысуға мүмкіндік берген „Dara“ қорына алғыс айтамын, осындай жобалар көп болғанын қалаймын. Ал финалистеріміз жобаны аяқтағаннан кейін Қазақстандағы креативті индустрияның дамуына әсер етіп, білімдерімен бөлісіп, мобилографияны жеке салаға айналдырып, басқаларға әсер етеді деп тілеймін», — деді Асхат Шыналиев.
«Dara» Президенттік бастамалар қорының жетекшісі Әсел Шілдебаеваның пікірінше, жоба өз миссиясын орындады. Республикалық мобилографтар байқауы үш мәселені шешті: шығармашылық мамандықтарды танымал ету, таланттарды қолдау және жеке қабілетін іске асыруға мүмкіндік беру.
Дереккөз inform.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через