фото: aikyn.kz
Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан әлемдік рейтингте көш бастады.
Біріккен күрес әлемі қауымдастығы тарапынан әлемдік рейтинг жаңартылды. Рейтинг спортшылардың әлем чемпионаты мен ХІХ жазғы Азия ойындарынан кейінгі нәтижесі бойынша жасалды.
Ол бойынша еркін күрестен Ризабек Айтмұхан 92 келі салмақ дәрежесінде бірінші орынға шықты. Балуан тәуелсіз Қазақстан тарихында еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы атанған еді.
Қазақстандық балуан финалға дейінгі төрт кездесудің барлығында жеңіске жетті. Алдымен венгриялық Балаж Юхасты 13:3 есебімен жеңсе, одан кейін түркиялық Фейзулла Актюркті 11:0 есебімен тізе бүктірді.
Ал жартылай финалда грузиялық Мириани Майсурадзеден басым түссе, финалда әзербайжандық Осман Нурмагомедовті қапы қалдырды.
Әйелдер күресінде Жәмилә Бақбергенова (72 келі) жаңартылған рейтингте үздіктер көшін бастады.
Ол әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ, ол 2021 және 2022 жылдары әлем чемпионатында күміс жүлдегер болған еді.
Дереккөз inform.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через