Қазақстандық әйел 20 жыл бойы жұмыс таба алмай жүр

Қазақстандық әйел 20 жыл бойы жұмыс таба алмай жүр

       Қазақстандық әйел 20 жылдан бері жұмыс таба алмай жүр. Бастапқыда денсаулығына байланысты проблемалар мүмкіндік бермесе, содан соң  жұмысқа тұру үшін таныс талап етілді дейді. Әйел 450 мың жұмыссыз азаматтардың қатарына қосылған. Алайда жұмыссыз болып тіркелгеннен ештеңе өзгермеген.

      45 жастағы медбике Балнұр 20 жылдан бері жұмыс таба алмай жүр. Біраз уақыт ол науқастанып, содан кейін мүлде жұмыссыз қалған. Айтуынша, жұмысқа орналасу үшін таныс керек.

      Тіпті еден жуушы та болып жұмысқа кіре алмаған. 

      “ГРЭС-ке жүгіндім, телефон соғып, білдім. Бос орын жоқ деді. Мен тіпті бір жерге еден жуушы болып орналасқым келді, олар да қабылдамады. Бірақ көршімнің ол жақта 15 жыл жұмыс істеп жүргенін білемін. Таныстары арқылы”, – дейді Балнұр.

      Балнұрдың күйеуі шетелге жұмыс істеуге кеткен, бірақ оның табысы күнделікті өмір шығындарына жетпейді. Қазір әйелдің салмағы 39 келі. Тұрақты тамақтана алмайды екен. Аз да болса ақша алу үшін үйінде медициналық қызмет көрсетуге тырысады.

      “Мұнда бәрі таныс арқылы жүзеге асады. Мұны бүкіл қала біледі. Бірақ олар үндемейді”, – дейді ол.

      Бір-екі жылдан кейін әйелге таныс арқылы да жұмыс табу қиынға соғады. Бұл – отандық рекрутерлердің болжамы. Тәжірибе көрсеткендей, жұмыс берушілер 50 жасқа толмаған қызметкерлерді іздейді. 

      “Жұмыс берушілердің 90%-ы 50 жастан кейінгілерді қандай да бір қызметке орналасқысы келетіндердің өте аз екенін түсінсе керек. Сирек жағдайда тәжірибелі адамдарды, мысалы, тәжірибелі бас бухгалтерлерді талап ететін тар бағыттағы компаниялар болуы мүмкін”, – дейді жұмыс бойынша консультант Ұлжан Оспанова.

      Рекрутертерлер жұмысқа орналасудың тиімді жасын – 28-43 жас аралығы деп атады. Қалғаны - әркімнің сәттілігіне байланысты. Жоғары білім туралы диплом болса да, лайықты жалақымен жұмыс табу қиын. Еңбек министрлігінің мәліметінше, ЖОО түлектерінің 40 пайызы өз мамандығы бойынша жұмысқа орналаспайды. Сондықтан басқарма сынақ мерзімінен бас тартып, еңбек заңнамасына "жас маман” ұғымын енгізуді ұсынып отыр.

      “Біз жас маманды үш айдан кейін жұмыстан шығаруға мүмкіндік беретін сынақ мерзімін жойғымыз келеді. Осы норманы қарастырып, ұсынып, қабылданса, жастардың жұмысқа орналасуына да оң әсер етеді деп ойлаймын”, – деген еді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов.

      Вице-министр жастардың жұмыспен қамту орталықтарына жүгінбеуге тырысатынын айтады. Бұл оларға көмек көрсетілмейді дегенді білдіреді. Осы орайда Еңбек министрлігі жыл соңына дейін 450 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашуға уәде беріп отыр. Қазір Қазақстанда шамамен осыншама жұмыссыз адам тіркелген.

      Astana.tv