Қазақстанда жүгірудің даму қарқыны қандай

Қазақстанда жүгірудің даму қарқыны қандай
фото: https://pixabay.com/ru/

     Жаппай жүгіру спорты жеңіл атлетиканың  әлемдегі ең танымал әрі денсаулыққа пайдалы саналады. Қазір Қазақстанда күшін сынап көргісі келетін әуесқойлар үшін көп жарыстар өткізіліп жатыр.

     Бірінші кезекте әуесқой жүгіру кез келген адамға қолжетімді. Жаттығуды физикалық формаға қарамастан бастауға болады. Жүгіру жүрек-қан тамырлары және демалу жүйесін жаттықтырады. Оған қоса жүгіру арқылы салмақ тастауға болады. Жаттығу жоспарын дұрыс таңдаған жағдайда артық салмақтан арылуға таптырмас мүмкіндік. Сонымен қатар, шыдамдылыққа, өзіне деген сенімділікке, психологиялық төзімділікке үйретіп, иммунитеттің жақсаруына әсер етеді. Жүгіру кезінде ағзаның негізгі функиялары оянады. Заманауи қоғамда жүгіру медитацияның бір түріне айналған. Бұл өзіңмен жеке қалуға, ойыңды жинақтауға тамаша мүмкіндік. Мысалы мен жүгірген кезде шешілмей жүрген мәселелерімнің жолын іздеуге тырысамын, өйткені жүгіру іс-әрекеттің тиімділігін арттырады.

 Жүгіру спорттың патшайымы саналатын жеңіл атлетикаға жатады. Дәл қазір бұл спорт түрі елімізде қарыштап дамып келеді. Кез келген адамға жүгіру үшін қолайлы жағдай жасалған. Жүгіріп бастау үшін тек дұрыс спорт аяқкиімі мен ниет қажет, - дейді Қазыбаева.

Жүгірудің Қазақстандағы даму қарқыны

Жүгіру әлем бойынша да, Қазақстанда да танымал спорт түріне жатады. Оған қоса жыл өткен сайын жүгірудің ел арасынадғы танымалдығы артып келеді. Алматы және бүкіл Қазақстан бойынша нақты статистика бар. Егер "Алматы Марафоны" алғаш ұйымдастырылған кезде екі жарым мың желаяқ қатысуға ниет білдірсе, биыл олардың саны 17 мыңға жеткен. Жаппай жүгіруге тек қазақстандықтар ғана емес, әлемнің 53 елінен келген желаяқтар қатысқан. Биыл 21 адам "Алматы Марафонының" амбассадоры болды. Олардың әрқайсы 20 адамнан тұратын команда жинап, жаппай жүгіруде бақ сынады.

Жүгіруге ниет білдіргендердің жас шамасы әртүрлі. 83 жастағы қария да салауатты өмір салтын сақтап, жүгіруге қатысты. Ал жалпы орташа жас - 31-32. Жас бойынша шектеу жоқ. Ең бастысы денсаулықтың мығым болуы. Біз кішкентай баладан бастап қарияға дейін жүгіруге баулуға тырысамыз. Статистика бойынша олардың саны артып келеді.

Жаппай жүгіруге алғашқы қатысушылар ең қысқа қашықтықты таңдайды. Ал келер жылы сәл көбейте түседі. Демек ол шыңдалып, дайындалып, деңгейі көтерілген. Ең танымал қашықтық - 10 шақырым. Биыл 10 мыңға жуық адам осы қашықтықты жүгіріп өткен.

 vesti.kz