Қазақстанда жасөспірімдерге вакцина салына ма?
Қазақстанда 12 жастан асқан балаларды коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова хабарлады.
Қазақстанда қолданылатын вакциналарды 18 жастан асқан адамдарға ғана қолдануға болады.
"Pfizer 12 жастан асқан балаларды вакцинациялау үшін қолданылады. Сондықтан біз оларды вакцинациялау мүмкіндігін қарастырудамыз. Өйткені Қазақстанда 12 жастан 17 жасқа дейінгі балалар - шамамен екі млн адамды құрайды. "Дельта" штаммының таралуын, инфекция клиникасының өзгеруін, инфекцияның тез берілуін ескеретін болсақ, балалар жиі ауырады. Қазір біздің алдымызда ересектерді ғана емес, балаларды да қорғау міндеті тұр", - деді Есмағамбетова ОКҚ брифингінде.
Айжан Есмағамбетова балаларды вакцинациялау тек олардың ата-аналарының рұқсатымен жүргізілетінін атап өтті.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через