Біз әдетте жалғызбастылық десе, әйелдерді ойға аламыз. Неге? Мүмкін, менталитеттің әсері болар, әйтеуір өмірін сүр бойдақтықпен өткізетін ер адамдар мен жалғызбасты әкелер туралы көп айта бермейміз. Ресми деректер бойынша, бүгінде елімізде жалғызбасты аналардың саны 450 мыңға жуықтаса, мұндай әкелердің саны 68 256 отбасы. Олардың көпшілігі Алматы қаласы (9 594), Алматы (8 532) және Түркістан (6 855) облыстарында. Ұлттық статистика бюросының дерегі осындай Қазақстанда гендерлік зерттеулердің көбіне әйелдерге қатысты жүргізілетінін және ресми жалғызбасты әкелерді есепке алатын әлеуметтік статистиканың жүргізілмейтінін ескерсек, ер азаматтарға қатысты дерекке күдікпен қарауға болады. Жалғызбасты әкелердің саны бұдан еселеп көп болуы мүмкін. Алайда, Қазақстанда жалғызбасты әкелер мен аналарға нақты санақ жүргізілмегеніне 10 жылдан асты
Зерттеулер бойынша әйелдерге қарағанда ер азаматтар жалғыздықты басынан қиын өткізеді екен. Себебі, әйелдердің ерлерге қарағанда өмірде атқаратын жалпы әлеуметтік ролі мен функциясы көп. Мәселен, әйел жұмыстан айрылғанымен үй шаруасындағы қызметінен ешқашан босамаған. Бұл оның өзін жалғыз сезініп, мұңға берілмеуіне сеп. Ал ер адам үшін жұмыстан не әйелінен ажырау оның отбасының асыраушысы, табыс табушысы, қорғаны, әке, күйеу ретіндегі әлеуметтік рольдерінің бірден 90 пайызынан ажыратып тастайды. Бұл ер адамды күйзеліске салуы мүмкін. Осыны білген дана аталарымыз "Алла өмірімді бәйбішемнен бұрын ала гөр" дейді екен...
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через