фото: https://sputnik.kz
Қазақстанда маска кию талабы алынып тасталды
Сондай-ақ "Pfizer" препаратымен вакцинациялауға жататын тұлғалар контингенті кеңейтіледі
Бүгін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, Ведомствоаралық комиссия келесідей шешімдер қабылдады:
үй-жайларда міндетті маска кию талабын алып тастау;
медициналық мекемелерде (персонал, қызметкерлер, пациенттер, келушілер) медициналық маскаларды кию міндетін өз күшінде қалдыру;
адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көлікте, ұйымдасқан ұжымдарда маска киюді ұсынымдық сипатта қалдыру;
білім беру ұйымдарында оқытудың кабинеттік жүйесіне рұқсат беру.
Сондай-ақ ВАК шешімімен "Pfizer" препаратымен вакцинациялауға жататын тұлғалар контингенті кеңейтіледі, ол мынадай санаттармен толықтырылады:
бастапқы вакцинациялаудан өтетін, осы препаратпен профилактикалық егуді алғысы келетін адамдар;
түрлі себептермен шетелге шығу үшін қайталама екпе алушылар;
шетелде алған вакцинация курсын аяқтау үшін екпе алушы тұлғалар;
COVID-19 вирусына қарсы ревакцинация алушы барлық топтағы адамдар.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через