Мәншүк Жексембекова көп уақыт АҚШ-тағы Техасс университеті мен Австрияның Вена биологиялық зерттеулер орталығының ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді. 2004 жылы ата-анасының денсаулығы сыр бере бастаған соң туған ауылы Түргенге оралып, әкесінің бизнесін қолға алады. Бүгінде ғалым Қазақстанда бау-бақша мен жаңғақ өсіру саласын дамытып қана қоймай, көкөніс отырғызумен айналысатын шаруа қожалықтарының иелерімен тәжірибесін бөлісіп жүр. Мәншүк Жексембекова өткізген тренингтер арқасында Еңбекшіқазақ ауданының жүздеген тұрғыны тамшылатып суару, шпалер, агрофибра әдістерін қолдану арқылы көкөніс пен жеміс өсіруді үйренді.
Жаңғақ плантациясы – ғалым қолға алған бизнестердің алтыншы бөлігі ғана. 20 гектар жерге жаңғақтың үш түрі отырғызылған: грек жаңғағы, бадам, фундук. Піскен кезде бір гектардан 4 тонна жаңғақ жинап отыруға болады. Алайда егін туралы айту әлі ерте, себебі жаңа отырғызылған ағаштардың пісіп-жетілуі үшін кемінде 7 жыл қажет. Осы орайда, өсімдіктер вирусологиясы мен патологиясына қатысты зерттеулерін жалғастырып жүрген ғалым жаңғақ плантациясын көрсетіп, жұмыстардың жүргізілу барысы туралы әңгімеледі.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через