фото: egemen.kz
Елімізде цифрлық теңге айналымға енгізіле бастады. Осылайша теңге сандық дәуірге қадам басты. Сонымен қатар теңгенің жаңа дизайндағы сериясы таныстырылды. Жаңа серияның ерекшелігі қандай? Цифрлы ақша экономикаға несімен тиімді болмақ?
Теңге 30 жылдан кейін цифрландырып, жаңа белесін бастайды. Сандық ақша айналымдағы қаржыны бақылауға жақсы. Мәселен, әлеуметтік көмекке бөлінген ақша баланың қажетіне жұмсалды ма болмаса кәсіпорынға аударылған субсидияның түпкі транзакциясы айдан-анық көрініп тұрады. Осылайша цифрлы теңге арқылы көлеңкелі экономиканың үлесін азайтуға болады.
Мақсат Халық, экономист:
Оның жақсы жері ол ақшаның талан-таражға түспеуіне, оның тазалығына септігін тигізеді. 0518-Цифрлық теңгенің бір артықшығы ол арнайы блокчейн технологиясымен жасалғандықтан, оның цифрлық ізі болады да. Қай кезде қандай төлем жасалды, қандай транзакциялар болды, сақталып тұрады. Тіпті, ұялы телефонымызды жоғалтып алып, онымен біреу төлем жасаған күннің өзінде әрбір цифрлы теңгенің өзінің токендік нөмірлері болады.
Яғни, осы нөмір арқылы төлем жүргізілген нүктені әп-сәтте анықтауға болады. Цифрлы теңгенің банкаралық операциялық шығыны аз, ал төлемді интернетсіз қабылданады. Қазір сандық ақшамен жұмыс істеуге Ұлттық банкпен 5 банкпен келісім жасаған, ал 2025 жылы барлық екінші деңгейлі банктер кіріседі. Бір анығы, жеке тұлғалар банктердің қосымшасы арқылы цифрлы теңгемен төлем жасай береді. Яғни, QR-код пен немесе аударым арқылы қаражатыңызды жұмсай аласыз.
Бинұр Жаленов, Қазақстанның ұлттық төлем корпорациясының төрағасы:
Цифрлық теңгенің сақталуына, оның қандай да бір кибер шабуыл арқылы жоқ болып кетпеуіне Ұлттық банк кепіл болады. Бұл кез-келген адамға ақшаны ақылмен басқаруға мүмкіндік береді. Мәселен, ата-аналар баласының шотындағы қаражаттың неге жұмсалайын деп жатқанынан алдын-ала хабардар бола алады. Егер сол тауардың қажеттілігі болмаса, әке-шешесі қашықтан төлем жасаудан бас тарта алады. Ұлттық банк жеке тұлғалардың ақша аударымдарын бақыламайды, тек мемлекеттік аударымдарды ашық көре алады.
Сондай-ақ 30 жасқа толған теңгенің жаңа дизайндағы «Сақ стилі» элементтеріне негізделген сериясы таныстырылды. Ескі үлгідегі теңге 2025 жылдың соңына дейін толық ауысады. Ал жаңа серия алдағы он жыл айналымда болуы мүмкін.
Дереккөз qazaqstan.tv.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через