Қазақстанда білім сапасы қандай?

Қазақстанда білім сапасы қандай?

          Білім беру жүйесінің сапасы бойынша елдер рейтингінде Қазақстан әлемдегі 93 елдің ішінен 62-орынды иеленді

          Ranking.kz  ұсынған зерттеуде білім беру саласындағы үздік елдер Ұлыбритания, АҚШ және Австралия деп аталды. Ең нашар көрсеткіш көрсететін  ел ретінде Ботсвана белгіленген.

           Рейтингке енген ТМД елдерінің ішінде білім беру жүйесі сапасының көрсеткіштері Қазақстанға қарағанда жоғары ел Ресей болды (36-орын) және Қырғызстан (55-орын).  Қазақстаннан төмен сатыда тұрған мемлекеттер қатарында Әзірбайжан (69-орын) және Түркіменстан (86-орын) болды, –  деп атап өтілді басылымда.

           Мамандар биыл елімізде 125 тәуелсіз оқу орны барр екенін айтады. Соның ішінде үштен бірі Алматы қаласында – 41, Нұр-Сұлтанда – 15, Шымкентте – 10 орналасқан