Елімізде білім беру ақысы шамамен 14% қымбаттады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросынан мәлімдеді.
«Қыркүйек айында білім беру қызметтерінің бағасы 2021 жылғы тиісті аймен салыстырғанда 13,8% көтерілді. Бұл соңғы 5 жылдағы ең жоғары өсім.
Мектеп пәндері бойынша білім беру орталықтары қызметінің ақысы бір жылда 10,2% артты.
Колледжде білім беру төлемі – 19,5%, жоғары оқу орындарында 16,3% қымбаттады.
Түрлі кәсіптік оқыту курстарының бағасы 15,6% өсті», - делінген статистика мәліметінде.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото: ainews.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через