Бүгінгі таңда Қазақстанда бүйрек, бауыр, жүрек трансплантациясы қарқынды дамып келе жатыр деп айтуға болады. Дәрігерлер еліміз аумағында отаның осындай түріне мұқтаждар көп екенін айтқанымен, донорды табу қиын деп отыр. Мәйіттік донорлардың ағзасы тапшылығына байланысты елімізде көп жағдайда бүйрек, бауыр трансплантациясына науқастардың туыстары донор болады екен. Алматы қаласында орналасқан Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығында бауырға трансплантация алғаш рет 2011 жылы жасалды. Осы уақытқа дейін жүздеген адамға бауыр трансплантациясы жасалды. Осы бауыр трансплантациясы ең ауыр және күрделі оталардың бірі. Операция ұзақтығы әртүрлі. Орта есеппен 8-10 сағатқа созылады. Ең ұзақ операция 26 сағатқа созылған. Себебі бауырды байланыстыратын майда қантамырлар мен өт жолдары сияқты жалғауды қажет ететін мүшелер өте көп. Трансплантация мәселесі төңірегіндегі жетістіктер мен шешімін күткен мәселелер жайлы Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығының жетекшісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Баймаханов Болатбек Бимендеұлымен тілдескен едік.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через