Еліміздегі жас жұбайлардың 15 пайызы белсіздік пен бедеулікке шалдыққан.Бұл дегеніміз әрбір алтыншы жұп сәби құшу бақытына ие алмай жүр. Сыйластықтарын сақтаған ерлі-зайыптылардың экстрокорпоралды ұрықтандыру әдісімен бала сүюге мүмкіндігі бар. Алайда, оның өзінің 34 пайызы ғана жүктілікпен аяқталады.
Дәрігерлерді әйелдерге қарағанда ерлердің денсаулығы алаңдатуда. Қазақстандық ерлі-зайыптының 19 пайызына жуығы балалы бола алмайды. Және сәби сүйгісі келетін отбасылардың саны жылдан-жылға артып келе жатқанын алға тартады мамандар. Балалы бола алмаудың бірнеше факторлары бар. Бірінші жаратқанның берген сыйынан бас тартып бірнеше рет түсік тастаған әйелдің бала көтеруге қабілеті болмайды. Екінші жатырдағы түрлі аурулардың салдарынан: түтікшенің бітелуі, жыныс мүшесінің қабынуы, эндометриоз бедеулікке әкеліп соғады. Әсіресе эндометриоз ауруына шалдыққандар бала сүю бақытынан көбіне көп айырылып жатады.Тіпті әйел бедеулігінің 20% осы сырқатқа байланысты.
Бұл бедеулік дерті бүкіл дүниежүзін де алаңдатып отыр. Ал ұлтымыздың отбпсылық-демографиялық ахуалы тіпті алаңдаушылық тудыратын жағдай. Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, профессор Вячеслав Локшин дерегіне сүйенсек шамамен 12-ден 15 процент ерлі-зайыптылар балалы бола алмай жүрген көрінеді.Оларды қолдау мақсатында мемлекеттен тегін квота қарастырылған. Бұл өте жақсы мүмкіндік.
Қазақстанда экстрокорпоральды ұрықтандыру 1996 жылдан бері қолданыла бастады. Содан бері 25 мыңнан аса бала дүниеге келген. Ал бұл медициналық емнен тегін өту мүмкіндігі 10 жылдан бері қолжетімді. Былтыр мемлекеттік бағдарлама бойынша алғаш рет 7 мың квота бөлінген., акушер-гинеколог, репродуктолог Гүлнәр Өтепованың айтынша Қазақстанда орта есеппен бедеулік жиілігі 15-тен 19 процентке дейін. Жыл сайын экстрокорпоральды ұрықтандыру бойынша 14 мың сұраныстың 7 мыңын «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша орындаған. Соңғы жылдары белсіздік пен бедеулік белең алып бара жатқанын ескерер болсақ, сұраныс орындап отырған нормадан әлдеқайда көп. Тіпті көмекке жүгінбей жүрген жұптар қаншама. Медицина қазір жақсы дамыған. Балалы болу үшін барлық жолды байқап көру керек деп ойлаймын дейді маман.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша репродуктивті жастағы 185 миллионнан астам адам бедеулік проблемасына тап болған. Медицина бір орында тұрмайды, сондықтан барлығына көмектесуге болады. Түрлі процедураларды жасау арқылы балалы болуға мүмкіндік бар. Жұмыртқаны криоконсервациялау, суррогатты ана көмегі, донорлық ұрық жасушаларын қолдану бар. Барлық танымал технологиялар Қазақстанда да қолжетімді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через