ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің ойыншықтардың қауіпсіздігіне жүргізілген мониторинг нәтижесінде еліміздегі ойыншықтардың жартысынан жуығының талаптарға сай емес екендігі анықталды.
Ведомство мәліметінше, 2022 жылдың 2 айында республика бойынша 397 үлгі іріктеліп, зерттелді, оның 173-і талаптарға сәйкес келмеген. Яғни бұл ойыншықтардың 43,5%-ы талаптарға сәйкес келмейді дегенді білдіреді.
“Ойыншықтар ел аумағында сатылымға шықпас бұрын Кеден одағының "ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіндегі қауіпсіздік талаптарына сай болуы керек”, – делінген ведомство хабарламасында.
Мәселен, Қытай мен Өзбекстан Республикасында өндірілген ойыншықтарда фенол, формальдегид, бензол, метил спирті, гептан деңгейінің артуы анықталды. Балаларға қауіпсіз емес тауарларды сатумен айналысатын барлық кәсіпкерлік субъектілеріне бұзушылықтарды жою туралы нұсқаулық берілді.
“Ойыншықтар тек балалардың ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, адам өліміне алып келуі мүмкін. Сондықтан оларды таңдауға мұқият қарау керек, сатушылардан олардың қауіпсіздігін растайтын құжаттарды талап етеді. Өйткені сіздің таңдауыңыз – балалар алдындағы үлкен жауапкершілік”, – делінген ведомство хабарламасында.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через