Қазақстанда алғашқы онлайн университеттер ашылады. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев айтты.
"Қазақстан білім және ғылым министрлігі жоғары білім беру жүйесіне жаңа оқыту құралын енгізбек. Сөз онлайн-оқыту форматы жайлы болып отыр. Елімізде алғашқы онлайн-университеттер ашылады", - деді вице-министр министрліктің алқа мәжілісінде.
Айта кетейік, елімізде жоғары оқу орындарына бөлінетін гранттар саны 5 мыңға артады. Олардың 60%-ы техникалық мамандықтарға беріледі. Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық студенттердің техникалық мамандықтар бойынша білім алуы керектігін айтқан еді.
Қуаныш Ерғалиев президенттің тапсырмасымен, "Болашақ" бағдарламасын қайта реформалау жұмыстарының басталып кеткенін айтты.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через