фото: https://sputnik.kz
Қазақстанда алғаш рет жалған буынды алу бойынша күрделі ота жасалды
Бүкіл әлемдегі медицина мамандары жалған буын патологиясын жою бойынша консервативті терапевтік әдістер тиімсіз болғандықтан, бұл дерттті емдеудің жаңа жолдарын іздестіріп жатыр.
Бес жасар бала сол жақ жіліншік сүйектерінің ортаңғы үштен бір бөлігінің туа біткен жалған буыны дертіне шалдыққан. Клиникалық диагноз: сол жақ жіліншік сүйегінің асықты жілігінің туа біткен гемимелиясы, 2-тип.
Жекеменшік клиникалардың бірінде күрделі отаны хирург Болатбек Досанов жасады.
"Балаға импланттан бөлек жамбас сүйектің жалпақ басының қырынан кемік сүйек пен сүйек қабығына аутотрансплантация жасалды. Жалған буынның жақсы бітуі және тоқтауы үшін остетомия аумағына жатқызылды. Аяқ кокситті гипспті таңғышпен бекітілді", - деп хабарлады клиникадағылар.
Патологияны бұған дейін де хирургиялық жолмен жою бойынша бірнеше рет талпыныс болғанымен, кеселді жою мүмкін болмаған. Операция америкалық ортопед D. Paley әдісі бойынша жүргізілді.
"Мен дайындаған Dossanov атты жіліктің телескопиялық интрамедулярлы импланты қолданылған әдістің бір ерекшелігі болып отыр. Бұл имплант әлемдегі аналогтарға қарағанда бірқатар артықшылыққа ие", - деді қазақстандық хирург-ортопед.
Айта кетері, ота кезінде қолданылған имплант қазақстандық медициналық металл конструкциялар шығаратын зауытта дайындалған.
Дәрігерлер ақаулы остеогенезі бар балаларға көмектесетін "телескоптарды" сериялы түрде шығаруды жоспарлап отыр.
Жалған буын деген не
Жалған буын – бұл жарақаттың салдары. Ол сүйек сынған жағдайлардың шамамен 2-3%-інде кездеседі және сүйек бөліктерінің дұрыс емес бітуімен сипатталады. Жалған буын жілік тұтастығының бұзылуымен сипатталады. Соның салдарынан аяқ әдеттен тыс бағытта қозғала бастайды.
Сүйек арасында уақыт өте келе құрылымын өзгертетін біріктіруші тін пайда бола бастайды. Бұл патология балаларда туа біткен сипатта болуы да мүмкін.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через