фото: https://turkystan.kz
Қазақстанда алған біліммен Нью-Йоркті мойындатты
Арайлым Қалдарбек биіктігі бір-бірінен асып, көкке шаншылған ғимараттар иін тірескен Нью-Йорк қаласында жұмыс істейді. Ондағы еңселі ғимараттардың қатарын көбейтумен айналысатын компанияда жұмыс істейтін ол архитекторлар мен инженерлерге консультация береді. Олардың сызған сызбасын тексеріп, жоба әзірлеушілерге құрылысты бастауға қажет құжаттарын реттестіруге көмектеседі. Ол Нью-Йорктегі жауапты бұл жұмысқа тұруға Қазақстанда алған білімі, жиған тәжірибесі септігін тигізгенін айтады. Тәжірибесі молайған соң, елге келіп, жаңа құрылыстың басы-қасында жүргісі келеді.
– Неміс ақыны Гете «Архитектура – таспен жазылған құдіреттi музыка» деген екен. Арайлымның архитектор мамандығын таңдауыма әкесі себепші болыпты. Ол кісі көп жыл бойы құрылыс саласында жұмыс істеген. Өзінің жеке компаниясы бар. Арайлым бала кезінен әкесінің құрылыста атқарған жұмысын көріп өскендіктен, болашағын осы саламен байланыстырғысы келеді. Қазақ-түрік лицейінде оқып жүргенде сыныптастарының көбі секілді ІТ саласына қызығып, хакер боламын деп ойлапты. Десе де ҰБТ-дан грантқа түсуге жеткілікті ұпай жинай алмаған соң, ата-анасы мамандық таңдауға өзіне ерік беріпті. Сөйтіп, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің құрылыс және көлік факультетіне оқуға түседі.
–2017 жылы ағылшын тілін жетілдіру үшін Америкаға барып, жазғы мектепте оқыйды. Кейін Мэриленд университеті архитектура факультетінің магистратура бөліміне оқуға түседі.
Бүгінде Америкада жаңа құрылысқа жауапты бағдарлама менеджері болып жұмыс істейді. Әрі архитекторлар мен инженерлерге консультация жүргізеді. Олардың сызған сызбасын тексереді. Сондай-ақ, жоба әзірлеушілерге құрылысты бастауға қажет құжаттарын реттестіруге көмектеседі. 2018 жылы Қазақстанда құрылыс жүргізу үшін жұмыс басында архитектор, инженер болуға тиіс және құжаттары түгел болуы керек дегенді талап ететін заң шықты. Америкада да осы заң күшіне енді. Одан бөлек, Нью-Йоркте құрылыс қалай жүргізілу керек екенін түсіндіретін 5-6 үлкен кітап бар. Сол кітаптан қажет деректерді алып, архитекторлар мен инженерлерді хабардар етіп отырады. Архитектор лицензиясын алу үшін бес жыл бойы жұмыс істеу қажет. Сосын лицензия алуға мүмкіндік беретін, 100 сұрақты қамтитын тест тапсыру керек. Бірақ ол тест тапсырудың құны қымбат. 2-3 рет қайта тапсыратындай қаражатым жоқ, сол үшін қазір бір тапсырғанда қажет ұпайды жинайтындай мұқият дайындалып жүрмін,-дейді Арайлым.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через