Біздің елде 3,5 мыңнан астам дәрігер мен медициналық персонал жетіспейді. Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Тимур Сұлтанғазиев елдегі дәрігер тапшылығын азайту үшін қандай шаралар қолға алынып жатқанын айтты.
«Медициналық мамандар тапшылығы туралы айтсақ, Қазақстанда 3,5 мыңнан астам дәрігер мен медициналық персонал жетіспейді. Бірақ бізде 80 мыңдай дәрігер персоналы бар. Пайыздық қатынаспен алсақ, бұл салыстырмалы түрде сонша көп емес. Дәрігер санын жан басына шақсақ, Қазақстанның көрсеткіші кейбір дамыған елдердің көрсеткішінен де жақсы», - деді ол денсаулық сақтау басшыларының екінші республикалық форумының клуарында.
Сондай-ақ, вице-министр дәрігерлердің мәртебесі мен жауапкершілігін көтеру де маңызды екенін атап өтті.
«Медицина саласына мамандар тартудың базалық амалы – әлеуметтік жағдайды жақсарту. 2019 жылдан бері дәрігерлердің айлығы жыл сайын 30 пайызға, мейірбикелердің айлығы 20 пайызға өсіп келе жатқанын білесіздер. Келесі жылы да дәл осындай мөлшерде көтеріледі. Президенттің дәрігер айлығын республикалық орташа жалақыдан екі есе жоғары ету туралы тапсырмасы бар. Министрлік Үкіметпен бірге сол тапсырманың аясында жұмыс істеп жатыр»,- деді Тимур Сұлтанғазиев.
Дәрігерлердің әлеуметтік мәртебесін заң жүзінде бекіту көзделіп отыр. Қазір дәрігердің мәртебесі мен кәсіби жауапкершілігі туралы заң жобасы Мәжіліске енгізілген, қаралып жатыр.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото:new-freepik.ru
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через