Қазақстан халқының саны 19 миллионға жетті

Қазақстан халқының саны 19 миллионға жетті

Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де жазды.

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан халқының саны тарихи межеге жетті. Алматы облысында дүниеге келген Жәния Азаматқызы еліміздің он тоғыз миллионыншы азаматы ретінде тіркелді. Жәния – отбасында төртінші бала. Ата-анасы мен қазақстандықтарды осы қуанышпен құттықтаймын. Бауы берік болсын!», – деп жазды Мемлекет басшысы.