Соңғы кездері жергілікті әскери қақтығыстарда ұшқышсыз ұшу қондырғылары, дрондар мен өзге де жоғары дәлдікті қару жүйелері кеңінен қолданылып, тиімділігін көрсетіп келеді. Бұл салада Әзірбайжан мемлекетінің қорғаныс саласы белсенділік танытып, өз құрылғыларын шығарып, сыртқа сата бастады. Дегенмен, Израиль мен Түркия ұшқышсыз ұшу аппараттарын жасау бойынша әлемдік нарықта көш бастап тұр. Олардың қасында Қазақстанның жетістіктері көп болмаса да, мүмкіндіктер жетерлік.
Бакудегі халықаралық қорғаныс көрмесіне Қазақстан «Шағала-М» деп аталатын қондырғыны апарды.
Осы аппарат негізі азаматық мақсаттарда қолдануға жасалған. Керек кезде оны әскери мақсатына орнатуға болады. Бірақ негізі ол азаматтық ұшқышсыз ұшу аппараты. Теміржан Абдрахманов, «Қазақстан-инжиниринг» ҰҚ АҚ басқарма төрағасы
Бакудегі көрмеде «Қазақстан-инжиниринг» компаниясы ұшу қондырғыларының үш түрін көрсетті. Соның бірі реакативті қозғалтқышы бар әуе нысанасының баламасы. Оған қоса аграрлық, геологиялық әрі мұнай-газ саласында қолдануға болатын аппараттар бар.
Турбореактивтік двигательдегі ол 500 км/сағ дейін жылдамдығы бар. Сонымен қатар біз Қазақстан Қорғаныс министрлгінің жасаған «Шағаланы» модернизировать етіп жаңадан оның характеристикаларын жақсарттық. Қазір ол 4 сағатқа дейін ғана ұша алады. Және 4 кг дейін жүк ала алады. Ғани Байсейітов, «R&D» ЖШС Бас директоры
Қазақстанда жасалған аппараттың біріне «Лейла» деген есім берілді. Ол Әзірбайжанның батыр қызы, ұшқыш Лейла Мамедбекованың құрметіне қойылды. Дрон үш жарым мың метр биіктікке көтеріліп, сағатына 160 шақырым жылдамдықпен ұша алады.
Дереккөз 24.kz. Фото: bmpd.livejournal.com, trend.az
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через