Қазақстан үнді қантын жеткізу көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр

Қазақстан үнді қантын жеткізу көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр
фото: https://sputnik.kz

Қазақстан үнді қантын жеткізу көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр

Қазақстан мен Үндістан өзара экспорт-импортты ұлғайту үшін тауарлар тізімімен алмасуға келісті, сондай-ақ сатып алушылар/сатушылар туралы ақпаратты орталықтандыру үшін екі елдің экспорттық агенттіктері арасындағы өзара байланысты тереңдету қажеттігін атап өтті, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

Нью-Делиде сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, өнеркәсіптік және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Үндістан үкіметаралық комиссиясының 14-отырысы өтті.

ҮАК-ның Қазақстан тарапынан тең төрағасы — Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, Үндістан тарапын Үндістан Республикасының мұнай және табиғи газ министрі, тұрғын үй құрылысы және қалалық істер министрі Хардип Сингх Пури басқарды.

Сауданы ұлғайтудың неғұрлым перспективалы салаларының бірі – агроөнеркәсіптік кешен. Үкіметаралық комиссия отырысы барысында Қазақстан мен Үндістан ауыл шаруашылығы өнімдерінің екіжақты сауда рәсімдерін жеңілдету жөніндегі жұмысты жалғастыруға уағдаласты. Осылайша, тараптар фитосанитариялық талаптарды сақтаған жағдайда елдер арасында карантинге жатқызылған өнімді өткізуге уағдаласты. Бұл АӨК өнімдерін өзара жеткізу көлемін кеңейтуге ықпал ететін болады.

Қазақстан тарапы отандық нарыққа үнді қантын жеткізуді ұлғайту бойынша ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.

Өзара инвестициялық мүмкіндіктерді талқылау барысында Қазақстан Республикасының делегациясы үнді компанияларына ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу саласындағы инвестициялық мүмкіндіктерді қарастыруды ұсынды. Сондай-ақ үнді инвесторларын тау-кен және металлургия өнеркәсібі, энергетика (жаңартылатын энергия көздері), фармацевтика, машина жасау және агротехника, денсаулық сақтау, электроника, туризм және курорт, сондай-ақ ICT, IT-салаларындағы жобаларға шақырды.

Үнді тарапы өз компанияларының қазақстандық мұнайды ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша сатып алуға мүдделілігін растады.

Тараптар сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру, қаржы саласы, туризм, ақпараттық технологиялар, IT-саласы және т. б. салалардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Мәтіндегі ақпарат туралы