Қазақстан тарихында тұңғыш рет БҰҰ жүлдесін иеленген қазақ ғалымы
Осыдан үш жыл бұрын әлемде баламасы жоқ құрылғы ойлап тапқан Ғалымжан Әбдірешов жуырда көпшілікті тағы бір таңырқатты. Көзі көрмейтін жандарға дүниені өзгелер сияқты сезінуге септігін тигізетін SEZUAL аппаратын құрастырып шығарған ол ел тарихында тұңғыш рет БҰҰ жүлдесін иеленіп, әлем ғалымдарының назарын аударды. Ал одан бұрын ол зағип жандарға қол қоюға мүмкіндік беретін құрылғы, сондай-ақ үйден оқитын балаларға өз бетінше оқуға көмектесетін Брайль шрифтін көпшіліктің назарына ұсынған еді.
Неврологиядағы көп зерттеуді ақтара келе, адамның да осындай жолмен көріп, сезе алатынын білдім. Сөйтіп, ғалымдар «Көз жанарынан айырылған адамдарға осы ерекшелік арқылы неге эксперимент жасап көрмеді екен?» деген сұрақ туындады. Сөйтсем, көбі бұл істі қолға алған екен, бірақ теория жазудан ары аспаған. Дыбыс толқынының зағип жандарға көмегі көп тиетінін дәлелдеуге тырыспаған. Ал менде бұл жаңалықтың «түбін» қопара зерттеуден басқа амал қалмады, өйткені бұл жаңалықты біліп алған мен ертең көзім нашар көретін болса, мүмкіндігім шектеулі болатынын, шама-шарқымның жетпейтінін жақсы түсіндім. Содан жатпай-тұрмай дыбыс толқынын жіті зерттедім, сондай-ақ интернеттен невробиология бойынша түрлі лекция тыңдадым. Осылайша, бар білген-көргенімді бір аппаратқа «тоғыстырып», оны зағип жандардың көмегімен тексерістен өткізіп, бірінші прототип құрастырып шығардым. Бірақ бірінші аппарат қарапайым формада құрастырылған. Бұл аппаратты SEZUAL деп атадым, яғни «сезіп ал». Ал мұның мүмкіндігін арттыру, жетілдіру әрі бұл жаңалықты тереңінен зерттеу үшін біраз қаражат керек болды.
Кейін білгендей, америкалық ғалымдар дәл мен зерттеп жүрген жұмысқа 15 жыл ішінде 110 миллиард АҚШ долларын жұмсапты. Сөйтіп, комиссия мүшелері сәттілік тілеп, бірауыздан грант беруді ұйғарды. Дәл сол күні кешке ақша түсіп, ертесі ыңғайлы кеңсені жалға алып, құрал-жабдықтар сатып алдым. Сондай-ақ бес тәуелсіз инженердің басын қосып, команда жасақтадым. Үш-төрт ай тынбай жұмыс істеп, аппаратты толығымен құрастырып шықтым дейді ғалым.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через